​ Абай облысында сібір жарасы расталмады

0
723

Бұған дейін Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікке ілінді. Соған байланысты ауылда төтенше жағдай жарияланған.


​ Абай облысында сібір жарасы расталмады

ERNUR.KZ. Абай облысында Жетіжар ауылының тұрғынында сібір жарасы ауруы расталмады, деп жазады inbusiness.kz.

"Сібір жарасы анықталған жоқ: нәтижесі теріс. Қазіргі уақытта Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылының тұрғыны ем қабылдауын жалғастыруда. Науқастың жағдайы жақсарып келеді, дене қызуы қалыпты", - деп жазылған хабарламада.

Әкімдіктегілер ауылдағы барлық малға күнделікті клиникалық тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта індетке шалдыққан мал басы анықталған жоқ", - деп жазылған хабарламада.

20 қыркүйекте Жетіжар ауылында сібір жарасы бойынша төтенше жағдай жарияланды.