Абай облысында сот шешімін қасақана орындамаған адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін

0
288


Абай облысында сот шешімін қасақана орындамаған адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Фото: Қостанай облысының прокуратурасы

ERNUR.KZ. Абай облысы Үржар ауданының прокуратурасы мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы сот шешімін қасақана орындамау дерегін анықтады, деп жазады inbusiness.kz.



Аудан тұрғыны соттың 61 миллион теңге көлеміндегі қарызды өтеу туралы шешімін орындаудан жалтаруды көздеген. Ол осы мақсатта жалпы құны 12,5 миллион теңгені құрайтын тұрғын үйі мен ауыл шаруашылығы техникасын басқа тұлғаларға рәсімдеген.


Аталған мәмілелер жалған сот актілері негізінде, сот орындаушыларының қатысуынсыз жүзеге асырылған. Түскен қаражатты борышкер мәжбүрлі өндіріп алу рәсімін айналып өтіп, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

"Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы ҚР ҚК 430-бабының 3-бөлігі (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", – делінген хабарламада.

Аталған баптың санкциясы бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Бөлісу