"Адам ұрлаумен айналысқан": Маңғыстау облысында ҰҚК қызметкерлері салафиттерді ұстады

0
995

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері күдіктілерді тінтіп, қару және экстремистік сипаттағы діни материалдарды тәркіледі.


ERNUR.KZ. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ақтау және Жаңаөзен қалаларында бір топ ер адамды – "салафизм" деструктивті діни ағымын ұстанушыларды ұстады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Олар пайдакүнемдік ниетпен ірі мөлшерде ақша бопсалау мақсатында адам ұрлаумен айналысқан.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау және Жаңаөзен қалаларының екі тұрғыны, сондай-ақ олардың сыбайластары анықталып, ұсталды", - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері.
Күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару, сондай-ақ экстремистік сипаттағы діни материалдар табылып, тәркіленген.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.