Әдейі жол апатын ұйымдастырған: Ұлытау облысында келіншегінің көлігін қуған ер адамға үкім шықты

0
678

Атышулы іс Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.


Әдейі жол апатын ұйымдастырған: Ұлытау облысында келіншегінің көлігін қуған ер адамға үкім шықты

ERNUR.KZ. Ұлытау облысында Қаражалдың 25 жастағы тұрғыны келіншегін өлтіріп, туыстарының өміріне қастандық жасады деген айыппен 12 жылға сотталды, деп жазады stan.kz.

Атышулы іс Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

2023 жылы тамызда Қаражал маңында айыпталушы қасақана жол-көлік оқиғасын жасап, салдарынан қалыңдығы көз жұмып, көлікте бірге болған туыстары әртүрлі дене жарақатын алған.

Қайғылы оқиға қарсаңында марқұмның туыстары оны үйіне алып кетуге келген, өйткені күйеуі келіншегіне күн бермейді.

"Сотталушы ВАЗ-2114 автокөлігін жүргізіп, ішіндегі жолаушыларды қасақана өлтіру мақсатында жәбірленушінің көлігін қуған. BMW 316 автокөлігінің арт жағынан қасақана соғып, одан кейін сол қапталдан үлкен жылдамдықпен BMW көлігін бүйірден екі рет соққан, соңғы соққы кезінде жәбірленушінің көлігі жолдан шығып кетіп, аударылып қалған", – делінген қылмыстық іс материалында.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Ол жай ғана көлікті тоқтатқысы келетінін айтты. Сотшешімі бойынша ер адам 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді. Сот сотталушыдан мерт болған қыздың туыстарының пайдасына 8 миллион теңге өндірді.

"Сот жаза тағайындау кезінде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың аса ауыр қылмыстар екенін, сотталушының іс-әрекетінің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескерді. Сотталушының мүліктік жағдайын, моральдық шығынды ескере отырып, жәбірленушінің пайдасына 8 миллион теңге және қираған көлік иесінің пайдасына 1,7 миллион теңге материалдық шығын өндірілді", – делінген үкімде.