АЭС құрылысына қанша қаражат кетеді

0
391

АЭС құны инфрақұрылымын кеңейту, жер сілкінісіне қауіпсіздігін күшейту сынды көптеген факторға байланысты ауытқып тұрады.


АЭС құрылысына қанша қаражат кетеді

ERNUR.KZ. Халық тарапынан АЭС құрылысына қатысты оң пікір бар. Бұл туралы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әзірше, болжаммен екі реакторы бар 1 АЭС-ті бір орынға орналастыруды ғана қарастырып отырмыз. Реактор көп болған сайын құрылыстың жалпы құны да арзанырақ болады. Ал АЭС құрылысында бірінші блок барлық уақытта да екіншісіне қарағанда қымбатқа түседі. Өйткені, екінші блоктың құрылысы кезінде тәжірибе де, жобалық-сметалық құжаттама да, дайын алаң да, қандай да бір инфрақұрылым да болады», - деді Гүлмира Мұрсалова Еуразия ұлттық университетінде АЭС-тің экологияға әсерін талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысында.

Оның айтуынша, АЭС құны инфрақұрылымын кеңейту, жер сілкінісіне қауіпсіздігін күшейту сынды көптеген факторға байланысты ауытқып тұрады.

«Сондықтан нақты сомасын айту мүмкін емес. Дегенмен, әлемдік тәжірибеде екі энергия блокқа 10-12 млрд доллар етеді. Мұндай тәжірибе бар. «Самұрық-Қазына» қорымен бірге әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Жалпы, халық тарапынан АЭС құрылысына қатысты оң пікір бар», - деді ол.