АЭС салу бойынша референдумды биыл өткізе аламыз - Орталық сайлау комиссиясы

0
425

Мұны Мәжіліс кулуарларында ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді.


АЭС салу бойынша референдумды биыл өткізе аламыз - Орталық сайлау комиссиясы

ERNUR.KZ. Егер атом электр станцияларын салу бойынша референдумды биыл өткізу туралы шешім қабылданса, Орталық сайлау комиссиясы мұны өткізуге дайын, деп жазады stan.kz.

Мұны Мәжіліс кулуарларында ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді.

Өтемісовтың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы дайындық жұмыстарын жүргізуде.

"Барлық қажетті жұмыстар – дайындық, соның ішінде сайлаушылар тізімін жасау және аумақтық сайлау комиссиялары жүргізуі тиіс нәрселер жоспарлы режимде жүріп жатыр", – деді ОСК мүшесі.

Алайда Орталық сайлау комиссиясында референдум өткізу мерзімі туралы нақты ақпарат жоқ.