«Айды аспаннан бір-ақ шығарды»: Жұлдыз Әбдікәрімова соттың алғашқы отырысын көрсетті (видео)

0
107

Актриса сот екі тараптың да дәлелін тексеретініне сенемін дейді


«Айды аспаннан бір-ақ шығарды»: Жұлдыз Әбдікәрімова соттың алғашқы отырысын көрсетті (видео)

Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

ERNUR.KZ. Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сот отырысына қатысты тың мәліметтермен бөлісті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Менің апелляцииялық шағымым бойынша қалалық сотта алғашқы отырыс өтті. Әзірге көңілім толады немесе толмайды деп айта алмаймын. Себебі, ұсынылған дәлелдер толық қаралып біткен жоқ. Алайда, қарсы тараптың еш дәлелсіз сотқа жалған ақпарат ұсынып, шатастырмақ болған сәттері бар. Қалай болғанда да сот екі тараптың дәлелдерін тексеретініне сенемін», - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Оның айтуынша, сот бірінші отырыста өзара келісімге келуді ұсынған.

«Үйге толық төлем жасалмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды. Өздеріңізге мәлім, мен бұл құрылыс компаниясын екі жыл жарнамаладым. Келісімшарт бойынша барлық сома өтелді. Жарнамалық келісімшартты іске дәлел ретінде тіккенімді сот назарына тағы бір ескертемін. Үйге толық төлем жасалғаны, үйіме қоса паркингті сатып алып, ақшасын әлі күнге бермегендігі жайында келісімшарттар мен түбіртектер бар», - дейді ол.

Еске салсақ, Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова осыған дейін құрылыс компаниясына алданып, үйін басқа біреудің атына жазып бергенін жария еткен еді.