Әйел болып танысқан алаяқ қарағандылықтың ақшасын жымқырды

0
498

Жәбірленуші интернетте танысқан адаммен романтикалық кеш өткізуге уәде беріп, кездесуге барған.


Әйел болып танысқан алаяқ қарағандылықтың ақшасын жымқырды

ERNUR.KZ. Қарағандыда ер адаммен әйел болып танысып, 350 мың теңгеге алдаған алаяқ ұсталды, деп жазады ulysmedia.kz.

Қарағанды қаласы полиция басқармасы Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 33 жастағы қала тұрғыны хабарласып, оны бір «әйелдің» алдап, 350 мың теңгесін иемденіп алғанын айтқан.

Жәбірленуші интернетте танысқан адаммен романтикалық кеш өткізуге уәде беріп, кездесуге барған. Бірақ ол үшін әлгі «әйелдің» есепшотқа белгілі бір соманы аударуы керек болған.

Жәбірленушімен танысқан алаяқ әйел киім сатып алып, өзін ретке келтіру үшін ақша қажет екенін айтқан. Оған ер адам қарсы болмай, кездесуді күтіп, алаяқтың есепшотына 350 мың теңге жіберген. Содан кейін «әйел» хабарласпай кеткен. Алаяқтық құрбаны болғанын түсінген соң ер адам полицияға хабарласқан.

Осыдан кейін криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру кезінде жәбірленушімен хат жазысып жүрген адамды ұстады. Ол 28 жастағы жігіт болып шықты. Ол жәбірленушіні алдап, әйел ретінде танысқанын мойындады.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша соталды тергеу басталды. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.