Air Astana 15 шілдеден бастап Дубайға рейстерді қайта іске қосады

0
89

Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақты бақылап отырғанын атап өтті.


Air Astana 15 шілдеден бастап Дубайға рейстерді қайта іске қосады

ERNUR.KZ. Air Astana әуе компаниясы 15 шілдеден бастап Алматы–Дубай–Алматы және Астана–Дубай–Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерді қайта жандандырады, деп жазады inform.kz.

Компанияның мәліметінше, рейстер 15 шілдеден бастап қайта орындала бастайды.
– Air Astana 15 шілдеден бастап Алматы–Дубай–Алматы және Астана–Дубай–Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр, – делінген хабарламада.

Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақты бақылап отырғанын атап өтті.

– Аймақтағы жағдайға байланысты ұшу кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларға дер кезінде хабарланады, – деп мәлімдеді компания.