Компанияның ұшақтары 21 шілдеден бастап ұшпайды.
Фото: Air Astana баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Air Astana компаниясы Ормуз бұғазы мен осы аймақтағы аймақтағы жағдайдың нашарлауына байланысты 21 шілдеден бастап 31 тамызға дейін Дубайға ұшпайтын болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
21 шілдеге дейінгі рейстер сондағы жолаушыларды Қазақстанға қайтару үшін ұшады.
«Жолаушыларға билеттердің құнын толық қайтарамыз немесе кейінгі күндер жылжыта аламыз. Болмаса, Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондау ұсынамыз», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.


