​Әйтімова: Нарықта жоғары сапалы білім бере алатын оқу орындары ғана қалуы тиіс

0
1 424

Көшпелі отырыс аясында сенаторлар Назарбаев университетінің медицина мектебінде және ғылыми-зертхана кешенінде болды.

​Әйтімова: Нарықта жоғары сапалы білім бере алатын оқу орындары ғана қалуы тиіс

ERNUR.KZ. Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылыми комитеті «Назарбаев Университетінің мәртебесі туралы», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен «Назарбаев қоры» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарын орындау мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді, деп жазады Baq.kz.

Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауларын орындау аясында осы құжаттарды іске асыру барысы қаралды.

Комитет төрағасы Бірғаным Әйтімова отырысты аша келіп, Президент өзінің қаңтар айындағы Жолдауында білім беру ісінде барлық жастағы азаматтарды қамтитын өзіміздің озық жүйемізді құру қажеттігін және білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы - өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту керектігін айтқанын атап өтті.

Сенатордың айтуынша, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жоғары оқу орындарының академиялық дербестігінің құқықтық қамтамасыз ету бойынша жоғары оқу орындарының құқықтарын кеңейтуді қарастыратын заң қабылданды.

Б.Әйтімова Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында жоғары оқу орындарында мамандарды дайындауға қойылатын талаптарды арттыруға ерекше назар аударғанын және бірқатар міндеттерді алға қойғанын еске салды.

«Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі ретінде – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы болмақ. Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететін оқу орындары ғана қалуы тиіс. Назарбаев университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды» - деді ол.

Шараға қатысушылардың алдында Назарбаев университетінің Президенті Шигео Катсу, Назарбаев зияткерлік мектептері басқармасының төрағасы Күләш Шамшидинова, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов пен Астана медицина университетінің ректоры Мәжит Шайдаров сөз сөйледі.

Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңын іске асыру барысы туралы хабардар етті.

Көшпелі отырыс аясында сенаторлар Назарбаев университетінің медицина мектебінде және ғылыми-зертхана кешенінде болды.