Әкесінің қаза болғанын естіген сәтте ереже бұзған әйелдің жазасы жеңілдетілді

0
115

Сот жүргізушінің әрекетінен қарсы қозғалыс жолағына шығуға ниет болмағанын анықтады.


Әкесінің қаза болғанын естіген сәтте ереже бұзған әйелдің жазасы жеңілдетілді

фото: Sputnik / Алексей Мальгавко

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, құқық бұзушыға кесілген жазаны жеңілдетті, деп жазады sputnik.kz.

Іс материалына сәйкес, О. Қарағанды қаласындағы Тәттімбет көшесінде "Volkswagen" маркалы автокөлікті басқара отырып, жол белгілерінің талаптарын бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шыққан.
"Сотта О. өзінің Тәттімбет көшесімен келе жатып, әпкесінен әкесінің қайтыс болғаны туралы кенеттен хабар алғанын, осы жағдайдан кейін абдырап, көліктің сол жақ дөңгелектерімен жол таңбасының үстіне шығып кеткенін, алайда артынша өз жолағына қайта түскенін түсіндірді", - деп жазылған сот хабарламасында.
Ол әкесінің қайтыс болғаны туралы мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаны сотқа ұсынды.
Сотта құқық бұзушылықтың бейнежазбасы зерттеліп, "Volkswagen" автокөлігі О.-ның басқаруымен қарсы қозғалыс жолағына шығып, "қауіпсіздік аралшасына" кіргені, одан кейін бірден өз жолағына қайта орналасқаны анықталды.
Сот істі қарау барысында құқық бұзушылықтың мән-жайын, өмірлік жағдайды ескере отырып, О.-ның әрекетінен қарсы қозғалыс жолағына шығуға ниет болмағанын, осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері жоқ екенін анықтап, іс-әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігіне – "Жол жүру бөлігіндегі жол таңбаларымен белгіленген талаптарды сақтамау" деп қайта саралады.
2025 жылғы 9 қыркүйектегі сот қаулысымен О. ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 айлық есептік көрсеткіш (11 796 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.