Әкімдік арқылы тұрғын үй кезегіне тұру тоқтатылады

0
852

Тұрғын үй саясатын реформалау туралы жаңа заң жобасы әзірленді.


Әкімдік арқылы тұрғын үй кезегіне тұру тоқтатылады

ERNUR.KZ. Бұл туралы «Қазақстан Республикасы тұрғын үй құрылысын дамыту: проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы үкімет сағатында айтылды, деп жазады baq.kz.

Тұрғын үй саясатын реформалау туралы жаңа заң жобасы әзірленді. Жоба бойынша жергілікті атқарушы органдардың базасында кезекте тұрған 623 мың адам «Отбасы банк» АҚ-ға беріледі және әкімдіктер арқылы кезекке қою тоқтатылады.

Құрылған Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының базасында, соңғы 10 жыл ішінде тұрғын үйі жоқ барлық азаматтардың кезектілігі жүргізіледі. Әрбір өтінімге отбасының табысын, мүлкі мен активтерін ашатын цифрлық портрет қалыптастырылатын болады, - делінді үкімет сағатында.

Министрлікпен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен «Отбасының цифрлық картасы» және «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйелерін қолдана отырып, кезекте тұрған азаматтардың кірісін, несиелерін, жылжымайтын мүлік меншіктерін қоса алғанда талдау бойынша жол картасы бекітіліп, тиісті жұмыстар істеліп жатыр.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын құру есепке қою және қарыз алу үшін, «тұрғын үйге мұқтаж» мәртебесін растау үшін «бір терезе» қағидатын қолдануға мүмкіндік беріледі, яғни бірнеше инстанцияларға жүгіну қажеттілігі болмайды, - делінген баяндамада.