Ақмола мен Павлодар облысы "қызыл" аймаққа енді

0
2 199

​Теңіз кен орнындағы жағдайға байланысты Атырау облысы COVID-19 бойынша "қызыл" аймақта ең ұзақ қалған өңірлердің бірі болған еді.


Ақмола мен Павлодар облысы

ERNUR.KZ. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстанның қос өңірі қайтадан "қызыл" аймаққа енді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарындағы көрсеткіш мынадай:

  • Ақмола және Павлодар облыстары "қызыл" аймақта;
  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысы "сары" аймақта;
  • Басқа өңірлердің барлығы "жасыл" аймақта.

6 қаңтардағы мәлімет бойынша, Атырау облысы "қызыл" аймаққа енді. Бірақ, көп ұзамай бұл өңір аталған деңгейден қайта шыға алды.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан мен Алматы "сары" аймақта ұзақ қалған қалалар қатарына енді.