Ақмола обласында әкесі ұлын пышақтап тастады

0
641

Жігіт ауруханаға жатқызылды.


Ақмола обласында әкесі ұлын пышақтап тастады

ERNUR.KZ. 64 жастағы ер адам ұлымен cөзге келіп, оны пышақтап тастаған. Зейнеткер мас болған, деп жазады Stan.kz.

30 мамырда Целиноград ауданының полиция бөліміне Приречное ауылының 63 жастағы тұрғынынан жолдасының ұлына пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 64 жастағы ер адамның ішімдік ішкеннен кейін 30 жастағы ұлын пышақтағанын анықтады, - деп хабарлайды полиция департаменті.

Жігіт ауруханаға жатқызылды. Әкесі кінәсін мойындады.

"Заттай дәлелдемелер тәркіленді. ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп атап өтті полицияда.

Тергеу жалғасуда.