Ақмола облысы Бурабай ауылының әкімі жазаланды

0
337

Әкім өз іс-әрекетімен кәсіпкерлік субъектісіне 400 мың теңге материалдық шығын келтірді.


Ақмола облысы Бурабай ауылының әкімі жазаланды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Бурабай әкімі Сабыр Жалмұқановқа әдеп кодексін бұзғаны үшін қатаң сөгіс жарияланды, деп жазады ulysmedia.kz.

Не болды

Ақмола облысының прокуратурасы әкім тарапынан заңбұзушылықты анықтаған.

Бурабай ауылының әкімі мен ЖШС арасында алаңды абаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасалған. Келісімшарттық міндеттемелерді орындау барысында әкім кәсіпкерден сметалық құжаттамада қарастырылмаған қосымша жұмыстарды орындауды талап еткен. Өз кезегінде кәсіпкер тапсырыс берушіге тәуелді жағдайда болғандықтан, бұл жұмыстардың бір бөлігін орындауға мәжбүр болған, – делінген хабарламада.

400 мың теңге шығын

Әкім өз іс-әрекетімен кәсіпкерлік субъектісіне 400 мың теңге материалдық шығын келтірді.

Бурабай аудан әкімінің өкімімен Бурабай ауылының әкіміне "қатаң сөгіс" түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.