22 қараша сағат 23.59-дағы жағдай бойынша Ақмола облысында тәулігіне коронавирус жұқтырған 61 жағдай тіркелді.
ERNUR.KZ. Ақмола облысы коронавирус жағдайына байланысты "қызыл" аймаққа кірді. Ақпаратты ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіндегілер растады, деп жазады Tengrinews.kz.
"Қызыл" аймаққа Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар, Қостанай және Ақмола облысы кірді. Бірақ бұл бүгінгі жағдай, ертең бәрі басқаша өзгеруі мүмкін", - деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Оның айтуынша, "сары" аймаққа Батыс Қазақстан облысы мен Нүр-Сұлтан қаласы кіреді. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта тұр.
22 қараша сағат 23.59-дағы жағдай бойынша Ақмола облысында тәулігіне коронавирус жұқтырған 61 жағдай тіркелді.