Ақмола облысында 1,5 тонна руда жұмысшыны басып қалды

0
545

1,5 тоннаға жуық руданы түсіру кезінде ілмек үзіліп, «SARECO» ЖШС-нің 36 жастағы жұмысшысының үстіне құлағаны анықталды.


Ақмола облысында 1,5 тонна руда жұмысшыны басып қалды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жұмысшының өліміне әкеліп соққан, еңбекті қорғау ержесінің бұзылуына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қайғылы жағдай ақпанның 16-да Заводской кентіндегі тау-кен металлургия зауытының аумағында орын алды. Сағат 16:30 шамасында үгіту аппаратына биг-бэг қабына тиелген салмағы 1,5 тоннаға жуық руданы түсіру кезінде ілмек үзіліп, «SARECO» ЖШС-нің 36 жастағы жұмысшысының үстіне құлағаны анықталды. Ер адам оқиға орнында көз жұмды», - деді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына аумақтық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі (еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, тиісті сараптама тағайындалды.