Ақмола облысында 3 жасар сәби төртінші қабаттағы терезеден құлады

0
1 113

Жазатайым оқиға Қосшы қаласында болған.


Ақмола облысында 3 жасар сәби төртінші қабаттағы терезеден құлады

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 3 жасар қыз бала төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, жазатайым оқиға Қосшы қаласында болған. Бұл туралы Қосшы қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жедел жәрдем станциясының қызметкерлері хабарлап айтқан.

«Белгілі болғандай ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылғы қыз бала терезеден құлады. Салдарынан бала «жабық бас ми жарақаты, мидың шайқалуы, қабырғаларының сынуы» диагнозымен Астана қаласының №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін ата-аналарға балаларды терезелері ашық бөлмеде қараусыз қалдырмауға, масалардың торларын тиісті қорғаныссыз пайдаланбауға, терезелердің жанына жиһаз қоймауға кеңес береді.