Ақмола облысында арбаға таңылған зейнеткерді жедел жәрдем көлігі қағып өлтірді

0
521

Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.


Ақмола облысында арбаға таңылған зейнеткерді жедел жәрдем көлігі қағып өлтірді

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жедел жәрдем жүргізушісі арбада отырған 67 жастағы зейнеткерді қағып кетті. Ер адам алған жарақатынан қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 21 қарашада Ақмол ауылындағы емхана тұрағында «УАЗ» көлігімен жедел жәрдем стансасының жүргізушісі маневр жасау кезінде артқы дөңгелегімен мүгедектер арбасында отырған 67 жастағы ер адамды басып кеткен.

«Көлік апаты кезінде 2-топтағы мүгедек ер адам қызметтік көліктің арт жағында тұрған. Зейнеткер алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - деп түсіндірді департаменттегілер.

Сотқа дейінгі тергеу аясында сараптамалар тағайындалды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 348-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл ретте Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаның 2023 жылғы 21 қарашада сағат 13:00-де түскі үзіліс кезінде болғанын түсіндірді.

«Қоянды ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға қарасты «УАЗ» қызметтік көлігі Аққайың ауылындағы мүгедектер үйінен келген, 1955 жылы туған мүгедек зейнеткерді қағып кетті. Жүргізушінің айтуынша, ол ер адамды байқамаған, себебі ол көлікке отырған кезде арба жоқ болған. Көлік қозғалған сәтте зейреткер отырған арба көрінбей қалған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп түсіндірді департаменттегілер.