Ақмола облысында әскери қызметкер өз-өзін атып өлтірді

0
773

Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін ішкі тергеу тағайындалды


Ақмола облысында әскери қызметкер өз-өзін атып өлтірді

ERNUR.KZ. Степногорскіде №3517 әскери бөлімінің әскери сарбазы өз-өзін басынан атқан, деп жазады zakon.kz.

Биыл 22 сәуірде сағат 07:30 шамасында №3517 әскери бөлімінің (Степногорск қ.) қатардағы әскери сарбазы Б.А. Рашев түзеу мекемесін күзетіп жүргенде қолындағы қарумен өз-өзін басынан жарақаттап, көз жұмды, - дейді ҚР Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметіндегілер.

Әскери сарбаз қайтыс болғаннан кейін бұл туралы Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасына хабарланды.

Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы ішкі тергеуді тағайындап, "Орталық" өңірлік қолбасшысы басқаратын жұмыс тобы оқиға орнына жіберілді.

Ішкі тергеу нәтижелері кейін жарияланады.