Ақмола облысында бір үйдің екі баласы көз жұмды

0
533


Ақмола облысында бір үйдің екі баласы көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Бұланды ауданы Шұбаркөл ауылында екі бала иіс тиіп көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.


Бұланды ауданы Шұбарағаш ауылында жеке тұрғын үйде өрт болған.

"2017 және 2021 жылы туған екі бала иіс тиіп қайтыс болды. ТЖД шұғыл нөмірлеріне қоңырау түскен жоқ. Өртті куәгерлер сөндірген", - дейді ведомство.
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бұланды ауданының ТЖ бөлімі ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.