Ақмола облысында бұзылған бөгетті қалпына келтіруге 200-ден аса адам жұмылдырылды

0
83

5 сәуірде Ақмола облысының Қорғалжын ауданында "Шөптікөл" бөгетінің дамбасы бұзылды.


Ақмола облысында бұзылған бөгетті қалпына келтіруге 200-ден аса адам жұмылдырылды

Бейнежазбадан алынған кадрлар

ERNUR.KZ. Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай екі шақырым жерде орналасқан, деп жазады tengrinews.kz.

Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан бөгетті қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы айтып берді.

Оның айтуынша, дамбаны қалпына келтірумен облыстық ТЖД қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті тұрғындар айналысып жатыр: дамбаны нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру шаралары жүргізіліп жатыр.

"Жалпы, жұмыстардың барлық түріне 56 техника мен 231 адам – жергілікті тұрғындар мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды", - деді Балпан.

Ол жағдай ерекше бақылауда екенін, Сабынды ауылын су басу қаупі жоқтығын айтты.

Бұған дейін "ҚазАвтоЖол" өкілдері су өткізу құбырларының арқасында Астана - Қорғалжын тасжолының учаскесінде су тасқыны болмағанын хабарлаған еді. Ведомство ақпаратынша, учаскеде қозғалыс шектелмеген.