Ақмола облысында демалушылар суға батып бара жатқан үш қызды құтқарып қалды

0
687

Қазіргі уақытта зардап шеккен қыз өкпе ісінуі диагнозымен жансақтау бөлімінде жатыр.


Ақмола облысында демалушылар суға батып бара жатқан үш қызды құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Бурабай ауданындағы Үлкен Шабақты көлінде үш қыз жағадан алыс жүзіп, батып кете жаздады, деп жазады Tengrinews.kz.

Сол маңда куәгерлер батып бара жатқан қыздарды көріп, құтқарып қалды.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде екі қыз дереу құтқарылғаны белгілі болды. 2008 жылы туған үшінші қыз бірнеше минут суда болған, жасөспірімді құтқарған кезде ол ес-түссіз жатқан. Демалушылардың бірі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шегушіні бүйіріне бұрған. Кейін құтқарушылар медициналық көмек көрсетуді жалғастырып, оны зембілмен жедел жәрдемге жеткізді.

Қазіргі уақытта зардап шеккен қыз өкпе ісінуі диагнозымен жансақтау бөлімінде жатыр.