Айыптылар жауапкершілікке тартылды.
ERNUR.KZ. Ақмола облысы Есіл ауданының прокуратурасы аудандық ауруханасының қызметінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етпеу фактілерін анықтады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда, 2024 жылдың басынан бастап 6 нозология бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізілмеген.
«Қадағалау актісі бойынша диспансерлік есепте тұрған 2 350 адамға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар аудандық ауруханаға жеткізіліп, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды», - делінген Ақмола облыстық прокуратурасы баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.