Ақмола облысында дүкендерде тегін азық-түлік сөрелері пайда болды

0
895

"Жақсылық сөресі" 15 дүкенде бар.


Ақмола облысында дүкендерде тегін азық-түлік сөрелері пайда болды

ERNUR.KZ. Қайырымдылық жобасы әзірге тек Бурабай ауданында іске асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

15 дүкенде қазір «Жақсылық сөресі» бар. Дүкен иелері де атсалысып жатыр. Тіпті тұрғындардың да игі істен қалыс қалғысы жоқ. Айта кетейік, аталған ізгі бастама алдағы уақытта да басқа аудандарда жалғаспақ.


- Біз бұл сөрелерді орнатқан күні-ақ Қарағандыдан осында қыдырып келген бір оқушы бала алғашқылардың бірі болып жобамызға үлес қосты. Одан қалды қазір жергілікті тұрғындар да өзінде барымен бөлісіп жатыр. Мәселен, біреу жұмыртқа, енді бірі тосап, кейбір келіншіктер тіпті, өздері тәттілер пісіріп әкеліп, сөрелерді толтырып жүр, - дейді Еріктілер қозғалысының жетекшісі Олеся Баимова.