Ақмола облысында егін орағы кезінде комбайншы қайтыс болды

0
778

Қазіргі күні тергеу жүргізіліп жатыр.


Ақмола облысында егін орағы кезінде комбайншы қайтыс болды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында егін орағы кезінде қаза болған комбайншы мерт болды, деп жазады sputnik.kz.

Қайғылы жағдай Жарқайың ауданы аумағында болған. Қостанай облысының 58 жастағы тұрғынын егін жинау жұмыстары кезінде "Енисей" комбайнының жетегіндегі белдік орап әкеткен. Ер адам сол жерде көз жұмды.
"Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.