Ақмола облысында екі бала суға батып кетті

0
494

Қайғылы жағдай туралы 8 жастағы үшінші бала хабарлаған.


Ақмола облысында екі бала суға батып кетті

ERNUR.KZ. Ақмола облысында екі бала суға батып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«15 маусымда Астрахан АПБ кезекші бөліміне сағат 18.23-те учаскелік полиция инспекторынан Первомайка ауылының маңында Есіл өзенінің жағасында 6 және 9 жастағы екі ұл бала суға батып кеткені туралы телефон хабарлама келіп түсті», - делінген полиция хабарламасында.

Анықталғандай, велосипед мінген үш бала ересектерсіз өзен жағасына жүзуге келген.

Қайғылы жағдай туралы үлкендерді көмекке шақырған 8 жастағы үшінші бала хабарлаған.

Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.