Ақмола облысында екі қызды зорлаған ер адам 9,5 жылға сотталды

0
568

Қылмыстық оқиға Астрахан ауданындағы жеке үйлердің бірінде болған.


Ақмола облысында екі қызды зорлаған ер адам 9,5 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Астрахан ауданында екі қызды зорлады деген айыппен 27 жастағы тұрғын 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс материалдарына сәйкес, оқиға 4 қаңтарда жеке үйлердің бірінде болған.

«Бірін-бірі танитын жастар жинадып, отырыс өткізген. Алайда алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін достардың бірі екі қызды зорлаған. Қылмыстың дәлелі ретінде сот-медициналық сараптаманың қорытындысы, зорлау фактісін растайтын айғақтар, жәбірленушілердің дене жарақаттары ұсынылды», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, қыздар келесі күні полицияға шағымданып, зорлаушыға қарсы арыз жазған.

Астрахан полиция бөлімі аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Тынымсыз еңбектің нәтижесінде тергеуші Ж. Такенова қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді жинап, кейіннен сотқа жолдады. 14 қазанда Атбасар аудандық сотының үкімімен қылмыстық іс бойынша күдікті, Астрахан облысының 27 жастағы тұрғыны кінәлі деп танылып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.