Оқиғаға қатысты іс қозғалды.
ERNUR.KZ. Ақмола облысының тұрғынын өндіріс орнында ток соқты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Степногор қаласында болған. Бұл туралы жергілікті Полиция басқармасына қалалық аурухананың қабылдау бөлімінен хабарлап айтқан.
Ток соққан ер адам «қол-аяғының электрлік күйігі» диагнозымен ауруханаға жеткізілді
«Анықталғандай, ер адам қаладағы кәсіпорындардың бірінде электрик болып жұмыс істеген. Өндіріс орнында трансформаторды жөндеу кезінде ток соққан. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабы 1-бөлігі бойынша («Еңбекті қорғау заңнамасының бұзылуы») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріп жатыр», - деді ведомстводан.