Ақмола облысында әйел жаңа туған баласын пешке жағып жіберді

0
939

Ол өздігінен босанған.


Ақмола облысында әйел жаңа туған баласын пешке жағып жіберді

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласында әйел жаңа туған баласын өртеп жіберді, деп жазады sputnik.kz.

Ол өзінің бұл әрекетін "нәресте тірі емес деп ойлағандықтан, солай істедім" деп түсіндірген. Болған оқиғаны полиция бөліміне аудандық аурухананың акушер-гинекологы хабарлаған.
Дәрігер 26 қаңтарда 1990 жылы туған науқасты тексергенде, ол үш күн бұрын – 23 қаңтарда босанғанын айтқан.
"Ол өздігінен босанған. Өмірге келген сәбиді пешке тастап, өртеп жіберген", - деді құқық қорғау органдары.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады. Кейінірек егжей-тегжейлі түсініктеме болатынын айтты.