Ақмола облысында қатты жел мәдениет үйінің шатырын бүтіндей жұлып кетті

0
2 594

Шатырға күрделі жөндеу 2014 жылы жүргізілген.


Ақмола облысында қатты жел мәдениет үйінің шатырын бүтіндей жұлып кетті

ERNUR.KZ. Ақмола облысында қатты соққан жел мәдениет үйінің шатырын жұлып, ағаштарды сындырды, деп жазады zakon.kz.

2021 жылы 18 ақпанда сағат 13:48 уақытында ауа-райына байланысты, атап айтқанда, бұрқасындатқан қатты жел (23-25 м / сек.) Жақсы ауылындағы аудандық мәдениет үйінің шатырын металл құрылғысымен қоса толықтай жұлып әкетті, ішінара әрлеу тақтайшалары мен ғимараттың маңдайшасындағы тақтайшасы да ұшты, ғимараттың сол жақ қабырғасы шамамен 20 метр аумағы зақымдалып, ағаштар сынды, - деп хабарлады Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Ғимарат 1968 жылы салынған. Шатырдың жалпы ауданы шамамен - 1000 ш.м. Шатырға күрделі жөндеу 2014 жылы жүргізілді.