Ер адамға 5 АЕК (18 460 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Ақмола облыстық мәслихат депутаттарының бірі әріптестерінің көзінше көлігімен итті қағып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Өңірлік ПД ер адамның жауапкершілікке тартылғанын нақтылады, деп жазады zakon.kz.
Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факт бойынша тексеру амалдары жүргізілді. Депутат ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабы, яғни "Қазақстан Республикасының жануарларға жауапты қарау саласындағы заңнамасын бұзу" бойынша жауапкершілікке тартылды. Ер адамға 5 АЕК (18 460 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
"Зеренді ауданының полиция бөлімі тексеру жүргізді, оның барысында полицейлер жануарға қатыгездік көрсеткен жүргізушіні анықтап, жауапқа тартты", делінген хабарламада.