Ақмола облысында мектеп қазандығы жарылды: жұмысшы өлімінің мән-жайы айтылды

0
2 301

Ақмола облысында қазандық жарылған кезде зардап шеккен қызметкер қайтыс болды.


Ақмола облысында мектеп қазандығы жарылды: жұмысшы өлімінің мән-жайы айтылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының әкімдігі өкілдері мектеп қазандығы жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"18 қарашада Аршалы ауылындағы мектеп қазандығы жарылысынан зардап шеккендердің бірі 1967 жылы туған В.П. Белых 2022 жылғы 18 қарашада ауыр жағдайда аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер зардап шекеннің адамның басы, денесінің жоғарғы оң жағы 20 пайызға күйіп кеткенін айтты. Тыныс алу жолдары да күйген. Медицина авиация сапына ОКА2-ден травматолог жіберілді", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Сол күні сағат 23:25-те науқастың жүрегі 30 минутқа тоқтағаннан кейін барлық реанимация шарасы жүргізілген, бірақ нәтижесі болмаған. Түн ортасында зардап шеккен адам қайтыс болды. Аршалы ауданы әкімдігінің атынан жергілікті атқарушы органдар марқұмның отбасына жерлеуді ұйымдастыруға барлық қажет көмек көрсетілген.

"Дәрігерлердің айтуынша, 1990 жылы және 1983 жылы туған науқастардың жағдайы тұрақты. Зардап шеккендер Аршалы аудандық ауруханасының хирургия бөлімшесінде емделеді", - деді әкімдік өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында қазандық жарылған кезде зардап шеккен қызметкер қайтыс болғанын хабарлаған едік.