Ақмола облысында мектеп жанынан ер адамның денесі табылды

0
687

Күдікті 69 жастағы жергілікті тұрғын әйел болып шықты.


Ақмола облысында мектеп жанынан ер адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында мектеп жанынан ер адамның мәйіті табылды. Полиция адам өлтіру бабы бойынша істі тергеп жатыр, деп жазады Zakon.kz.

19 ақпан күні сағат 10:35-те Бұланды аудандық ішкі істер бөліміне ауылдық округ әкімінен хабарлама келген. Ол ауылдағы мектептің жанында ер адамның денесі табылғаның айтты.Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол 69 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Ақпанның 18-і күні сағат 15.00 шамасында ер адам досына келеді. Алкогольдік ішімдік ішіп, араларында жанжал басталады. Шу барысында әйел пышақты қарсыласының кеуде тұсына сұғып алған. Қазір қажетті сараптама тағайындалды.Ақмола облысы ДП баспасөз қызметі

Ведомствода қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру бабы бойынша жұмыстар басталғанын айтты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» фактісі бойынша іс қозғалды.