Ақмола облысында музыкант жоғалып кетті

0
706

Ақмола облысында полицейлер жоғалып кеткен 26 жастағы музыкантты іздеп жатыр.


Ақмола облысында музыкант жоғалып кетті

ERNUR.KZ. 14 сәуірде ол үйінен шығып, сол бойы оралмаған, деп жазады Zakon.kz.

14 сәуір күні сағат 22:10-да полицейлерге ұлын табуға көмек сұраған азаматтан арыз түсті.

Ер адам 14 сәуір күні сағат 16:00 шамасында ұлының үйден белгісіз бағытта шығып кеткенін және осы күнге дейін оралмағанын айтты.

Жоғалған азаматтың әкесінің айтуынша, ол бұрын үйден бірнеше рет шығып кетіп қалған, бірақ отбасында жанжал болмаған.

Жоғалған адамды табу үшін полиция қызметкерлері мен еріктілерден тұратын алты іздеу тобы құрылды. Державинск қаласында, жақын маңдағы елді мекендерде, Есіл өзенінің жағасында және басқа жерлерде жоғалған адамның орнын анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілді.Ақмола облысының полиция департаменті

Жоғалған адамды іздеу жұмысы әлі тоқтаған жоқ.

Жоғалған адамның белгілері: бойы – 175-180 см, азиат, арықша келген жігіт. Үстінде: қара күрте, ақ футболка, сұр джинсы және қара түсті кроссовка.

Хабар-ошарсыз кеткен азаматты көрген-білгендер болса, 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз.