Ақмола облысында өрт сөндіруші суицид жасады

0
244

Әлеуметтік желіде бүгін қыркүйектің 10-да Степногор қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің жатақханасынан өрт сөндіру бөлімінің аға инженерінің денесі табылғаны туралы жарияланған болатын.


Ақмола облысында өрт сөндіруші суицид жасады

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Степногор қаласында өрт сөндіру бөлімінің қызметкері суицид жасап көз жұмды, деп жазады inform.kz.

«Полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды», - деп түсіндірді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде бүгін қыркүйектің 10-да Степногор қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің жатақханасынан өрт сөндіру бөлімінің аға инженерінің денесі табылғаны туралы жарияланған болатын. Онда 21 жастағы азаматтық қорғаныс лейтенантының асыл өлгені жазылған.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен оқиғаның болғанын растады.