Ақмола облысында суға батып бара жатқан адамды құтқарамын деп қаза тапқан 14 жасар бала марапатталды

0
1 315

Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев қайтыс болған Владимир Гринбергтің отбасына награданы табыстады.


Ақмола облысында суға батып бара жатқан адамды құтқарамын деп қаза тапқан 14 жасар бала марапатталды

ERNUR.KZ. 14 жасар Владимир Гринберг суға батып бара жатқан адамды өз өмірін қиып аман алып қалғаны үшін "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапаттады, деп жазады Stan.kz

Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев қайтыс болған Владимир Гринбергтің отбасына награданы табыстады.

Ведомствоның мәліметінше, Владимир Гринберг биылғы шілденің 29-да Қорғалжын ауданында Нұра өзеніне отбасымен бірге демалуға барған. Жас батыр 12 жасар баланың суға батып бара жатқанын көріп, көмекке ұмылған. Кейін ересектер көмекке келіп, әкесі ұлын шығарып алған. Алайда, Владимир Гринбергтің өзін ешкім құтқара алмады, сол тұста суасты ағыны болғандықтан жасөспірім батып кетті.

"Ақмола облысының ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев жасөспірмінің туыстарына адам өмірін сақтап қалғаны үшін төтенше жағдайда көрсетілген батылдық пен жанқиярлығы үшін медаль табыстады. Сонымен бірге, департамент бастығы баланың ата-анасына шын жүректен көңіл айтты", - деді ведомстводан.

Жалпы, шомылу маусымы басталғаннан бері Ақмола облысының су айдындарында 13 адам суға кеткен, оның 5 бала.