​Ақмола облысында ұрланған 236 мал үш күннің ішінде иелеріне қайтарылды

0
1 060

«Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасының алғашқы үш күнінің ішінде мал ұрлығына қатысты 20-дан қылмыс анықталды.


​Ақмола облысында ұрланған 236 мал үш күннің ішінде иелеріне қайтарылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 3 күнде мал ұрлығына қатысты 20 қылмыстың беті ашылып, 236 мал иелеріне қайтарылды, деп жазады ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, желтоқсанның 5-нен бастап, өңірде «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Шараның мақсаты - мал ұрлығының алдын алу, ескерту және малды құжатсыз тасымалдаудың жолын кесу.

Осы бағытта облыс бойынша автокөлік жолдарының бойына қосымша 30 мобильді топ қойылды. Топ тәулік бойы мал және ет өнімдерін тасымалдаушыларды тоқтатып, құжаттарын тексеруде. Шараның алғашқы үш күнінің ішінде полиция қызметкерлері 80-нен астам автокөлікті тексеріп, құжатсыз мал және ет өнімдерін тасымалдауға қатысты 13 оқиғаны анықтады.

Сонымен қатар, шағын базар, ет комбинаты және шұжық цехтары, мал және ет өнімдерін сату және сатып алу орындары тексерілді. Әсіресе, аудан орталықтары мен қалаларға кіреберіс жолдың бойына назар аударылды.

«Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасының алғашқы үш күнінің ішінде мал ұрлығына қатысты 20-дан қылмыс анықталды. Оның 18-і бұрын жасалған. Бұл қылмыстарға қатысы бар 16 адам ұсталды. Бұдан бөлек, жедел іздестіру шарасы барысында жоғалған 236 мал иелеріне қайтарылды. Мәселен, Есіл ауданында Орловка ауылының тұрғынына жайлымнан жоғалып кеткен 44 бас жылқысы қайтарылды. Иесінің айтуынша, шығын көлемі 3,5 миллион теңгеге бағаланды. Арнайы құрылған топ жедел іздестіру шарасы барысында жоғалған жылқыларды Жақсы ауданының аумағынан тапты. Осындай жағдай Ерейментау ауданында да орын алды. Жергілікті шаруа қожалығының басшысы полицияға арыз түсіріп, жоғалған 25 бас жылқысын тауып беру туралы көмек сұраған. Кәсіпкердің жылқылары арада бірнеше күн өткен соң Қарағанды ауданының Осакаровка ауданы аумағынан табылды», - деп көрсетілген баспасөз қызметіндегілер.