Ақмола облысында ұрланған жылқы үйдің ішінен табылды (видео)

0
1 101

Әлеуметтік желіде ұрланған малды ерекше тәсілмен жасырған жігіт жайлы бейнежазба тарады.


Ақмола облысында ұрланған жылқы үйдің ішінен табылды (видео)

ERNUR.KZ. Сәкен есімді Ақмола облысының тұрғыны ұрлап әкелген малын үйдің төргі бөлмесіне жасырып қойған, деп жазады exk.kz.

Кадрда бейтаныс әйелдің "Үйге кіріңіздер. Ол ұйықтайтын бөлмеде жатыр" деген даусы естіледі. Қараңғы үйге кірген бір топ адам түкпіргі бөлмеде аяқкиімін шешпестен кереуетте ұйықтап жатқан еркектің үстінен түседі.

"Сәкен, тұр! Мына ат қайдан пайда болды, сенде?" деп сұрайды келген адамдар. Етігін шешпестен төсекке құлай кеткен мас еркек "Түнімен іштім. Мына жылқыны кім әкелді, бұл жерге?" деп қарсы сұрақ қояды. Ал үйдің қонақ бөлмесінде диванның жанында жылқы тұр.

Әңгіме арасында, мал иесі болса керек "Мынау бие ғой. Байтал мен құлын қайда?" деген дауыс шығады.



Желі қолданушыларының бірі бұл оқиғаны "Қояндыда болды" десе, басқасы "Петровка ауылында болған" деп жазба қалдырған.