Ақмола облысында үш айлық нәресте көз жұмды

0
1 005

Бала ауруханаға ауыр халде жеткізілген.


Ақмола облысында үш айлық нәресте көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында үш айлық нәресте көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Красный Яр ауылындағы Бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығының бас дәрігерінің айтуынша, дәрігер мен медбике жаняұға патронажды ұдайы жасап отырған.

«1 және 2-айда баланың денсаулығына қатысты анасынан шағым болмаған. Медбике 6 қарашада оның үйіне барғанда да ештеңе айтпаған. Медбике баланы тексеріп, күтімі бойынша тиісті ұсыныстарын түсіндіріп кеткен. Ал 12 қараша күні үш айлық мерзімінде дәрігер қабылдауына келуі тиіс болған. Бірақ ол келмеген. Сондықтан медбике сол күні кешкісін олардың үйіне барған. Үй иелері даладан қарсы алып, қонаққа баруға әзірленіп жатқандарын айтқан», - деп мәлім етті ведомство өкілдері.

15 қарашада бала шұғыл түрде Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.

«Бастапқы диагнозы: аспирациялық синдром. Өйткені бала ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Жансақтау бөлімінде шұғыл ем-дом шаралары жүргізілгеніне қарамастан, шақалақтың өмірін сақтап қалу мүмкін болған жоқ», - дейді дәрігерлер.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, баланың неден шетінегенін сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.