Ақмола облысында үш ер адам 12 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді

0
840

25-26 жас аралығындағы үш күдікті ұсталды.


Ақмола облысында үш ер адам 12 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Ақмола облысында үш ер адам 12 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық ісі 2019 жылдың желтоқсаны мен 2020 жылдың маусым аралығында Целиноград ауданы, Қараөткел аулында болған", - дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің өкілдері.

Жәбірленушінің анасы 2020 жылы 13 маусымда полицияға арыз жазып, іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексі 122-бабының, 2-бөлігі бойынша тіркелген.

"Сол күні 25-26 жас аралығындағы үш күдікті ұсталды, олардың барлығы Целиноград ауданының тұрғындары. Күдіктілердің аталған қылмысқа қатысы барын дәлелдейтін деректер анықталды. Тергеу жұмыстарына байланысты сот сараптамалары тағайындалды", - дейді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Полция мәліметінше, күдіктілер ұсталып, Целиноград ауданындағы полиция бөлімшесіне уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеуді Полиция департаментінің басшысы өз қолына алды.

Одан бөлек, Білім және ғылым министрлігі Бала құқықтарын қорғау комитеті жергілікті атқарушы органдармен және ІІМ-не сауал жолдағанын хаарлады.