Ақмола облысында жалған мұғалімдер анықталды

0
597

Ауылдық жерлерге жас мамандарды тартуға мемлекет ерекше назар аударады және қомақты бюджет қаражатын бөледі.


Ақмола облысында жалған мұғалімдер анықталды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы прокуратурасы жалған диплом пайдалану дерегін анықтады, деп жазады tengrinews.kz.

Ауылдық жерлерге жас мамандарды тартуға мемлекет ерекше назар аударады және қомақты бюджет қаражатын бөледі.

"Осы мақсатта, 2009 жылдан бастап бүкіл ел бойынша "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатыр, ол ауылдық жерде еңбек етуге ниет білдірген мамандарға жеңілдікпен кредиттер мен өтеусіз жәрдемақылар алуға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары еліміздің ауылдық жерлерінде кадрлар тапшылығы едәуір теңестірілді, алайда "мамандар" деген атпен жекелеген адамдар жеңілдікті шарттарды пайдалана отырып, бюджет қаражаты есебінен заңсыз байытылып жатыр", - делінген хабарламада.

Облыс прокуратурасы бағдарлама шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну кезінде қолданыстағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді. Оның нәтижелері бойынша жалған дипломдардың көмегімен жеңілдіктер алған және шарттық міндеттемелерді бұзған адамдар анықталған.

"Мәселен, 2021 жылы "К" жалған диплом бойынша Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. 2022 жылы мүліктік игіліктер алу мақсатында, сол жалған дипломды пайдаланып, бағдарламаға қатысқан (4,9 миллион теңге алды). Айта кету керек, "К" 2 жыл бойы осы салада құзыретті болмасада балаларды оқытқан".

Осындай схеманы білім беру саласындағы тағы 12 "маман" пайдаланған. Залалдын жалпы соммасы 30 миллион теңгеден асты.

"Жалпы айтқанда, мұндай "маманды" жалған дипломмен жұмысқа орналастыру жас ұрпақтың білім деңгейіне теріс әсер етеді және бюджет қаражатын ұрлауға жағдай жасайды.
Қазіргі таңда қылмыстық қудалау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде, ҚПК-тің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жариялануға жатпайды".