Ақмола облысында жарақат алған кәсіпорын жұмысшысы комаға түсті

0
602

54 жастағы ер адам Бұланды ауданындағы ЖШС-те жұмыс істеген.


Ақмола облысында жарақат алған кәсіпорын жұмысшысы комаға түсті

ERNUR.KZ. Ақмола облысында кәсіпорында жарақат алған жұмысшы комаға түсті. Оның үстіне металлдан жасалған қақпа құлаған, деп жазады sputnik.kz.

54 жастағы ер адам Бұланды ауданындағы ЖШС-те жұмыс істеген.
"Оқыс оқиға ер адамның өзге жұмысшыларға астық қоймасының темір қақпасын жабуға көмектесіп жатқан кезде болған. Қақпаның бір жақ ілгіші сынып кетіп ер адамның үстіне құлаған", - деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта ер адам ауруханада. Оған жабық ми жарақаты, бас-ми жарақаты, маңдай сүйегінің жарақаты, кома деген алдын ала диагноз қойылды.
Аталған іске қатысты156 бап (денсаулыққа ауыр зардап тигізген еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілмеуі) бойынша тергеу амалдары басталды.