Ақмола облысында жоғалған 14 жылқы суға батып кетті

0
1 890

Шығын 7,5 млн теңгені құрады.


Ақмола облысында жоғалған 14 жылқы суға батып кетті

Ақмола облысы, Ерементау ауданында 14 жылқы көлге батып кетті. Аттардың иесі 7,5 млн теңге шығынға батты, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың желтоқсан айында 45 жастағы аудан тұрғыны полицияға жылқылардың жоғалғаны жөнінде шағым түсірген. Жылқылар 2-8 желтоқсан аралығында еркін жайылымда жүрген.

Шығын 7,5 млн теңгені құрады. Тергеу бөлімі аталған фактіні сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестріне 188-1 бап (Мал ұрлығы) бойынша енгізді. Жылқыларды үш ай бойы іздеген. 12 сәуір күні жылқылардың еттері Қызыл Сор көлінен табылды.

Мал қысқы уақытта мұздың астына құлап өлген. Қылмыстық іс тоқтатылды.