Ақмола облысында жолаушы жүріп келе жатқан көліктен құлап мерт болды

0
639

Қайғылы оқиға кезінде ауыр жүк көлігін 25 жастағы жергілікті тұрғын басқарған.


Ақмола облысында жолаушы жүріп келе жатқан көліктен құлап мерт болды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жолаушы жүріп келе жатқан көліктен құлап мерт болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 19 мамырда сағат 23.00-ден кейін Сандықтау аудандық полиция бөлімінің полиция бөліміне учаскелік полиция инспекторынан жергілікті тұрғынның қайтыс болғаны туралы телефон хабарламасы түскен.

«Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы Мәдениет ауылынан екі шақырым қашықта келе жатқан «КамАЗ» автокөлігінің жолаушылар орындығында отырған 48 жастағы ер адамның құлап кеткенін анықтады. Ауылшаруашылық кәсіпорнының жұмысшысы кабинадан белгісіз жағдайда құлап, жүк көлігінің артқы дөңгелегінің астына түсіп кеткен. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.

Қайғылы оқиға кезінде ауыр жүк көлігін 25 жастағы жергілікті тұрғын басқарған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Сандықтау аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен «Автокөлік, троллейбус, трамвай немесе өзге де механикалық көлік құралын басқарған адамның жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.