Ақмола облысында жұмысшы көз жұмды

0
405

Экскаватор жүргізушісі жұмыс кезінде абайсызда әріптесін экскаватор шөмішімен жарақаттап алған.


Ақмола облысында жұмысшы көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жұмысшы көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Үстіміздегі жылдың 27 қазанында Целиноград аудандық полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінің қызметкері қоңырау шалған.

Оның айтуынша, Ақмол ауылында кәріз құбырларын төсеу объектісінде экскаватор жүргізушісі жұмыс кезінде абайсызда әріптесін экскаватор шөмішімен жарақаттап алған. Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған фактіге сәйкес полиция бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.