Ақмола облысында жұмысшының үстіне топырақ төгіліп, ер адам оқиға орнында көз жұмды

0
253

Қайғылы жағдай Бұланды ауданында болған.


Ақмола облысында жұмысшының үстіне топырақ төгіліп, ер адам оқиға орнында көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында су құбырын тартып жатқан жұмысшыны топырақ басып, зардап шеккен ер адам оқиға орнында көз жұмды. Полиция аталған оқиға бойынша іс қозғады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Бұланды ауданында болған.

Анықталғандай, су құбырын орнатып жатқан ер адамның үстіне топырақ үйіндісі құлаған. Салдарынан ер адам алған дене жарақатынан көз жұмған. Қайтыс болған жұмысшының 41 жастағы Алматы облысының тумасы екені анықталды.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша «абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспектор тексеруде», - деді ведомстводан.