Ақмола облысында жүргізушіні өз жүк көлігі басып кетті

0
97

Көкшетауда жанармай құю бекетінде жүк көлігі 34 жастағы жүргізушіні басып кетті.


Ақмола облысында жүргізушіні өз жүк көлігі басып кетті

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қайғылы жағдай 28 шілде күні таңғы 05:00 шамасында болған, деп жазады inbusiness.kz.

Көкшетауда жанармай құю бекетінде жүк көлігі 34 жастағы жүргізушіні басып кетті.

Ресми мәліметке сәйкес, 1991 жылы туған ер адам Shacman маркалы көлігіне жанармай құйып болған соң, көлікті тоқтатып, астына түскен. Сол сәтте техника кенеттен қозғалып кетіп, жүргізушіні басып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Полиция мен еңбек қауіпсіздігі мамандары техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертеді. Көлік тұраққа қойылғанда толық бекітіліп, қызметкерлер арнайы нұсқаулықтан өтуі тиіс. Техника қауіпсіздігі адам өмірін сақтаудың басты шарты.