Ақмола облысындағы ауылдардың бірі карантинге жабылды

0
3 475

Шектеу шараларын енгізу туралы шешім бүгіннен, яғни 14 шілдеден бастап күшіне енді.


Ақмола облысындағы ауылдардың бірі карантинге жабылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысындағы Новомариновка ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталып, елді мекенге шектеу енгізілді, деп жазады ulysmedia.kz.

«Ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің Новомариновка ауыл аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін», - деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған Шұңқыркөл ауылдық округінің әкімі Светлана Валитованың шешім-жобасында.

Шектеу шараларын енгізу туралы шешім бүгіннен, яғни 14 шілдеден бастап күшіне енді.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Қарағанды облысына қарасты Мәди ауылдық округінде 3 бас ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталып, шектеу енгізілгені хабарланған.